Атырау облысы мемлекеттік архивінің тарихы ғасырға жуықтады. Архив - бұл жай ғана құжаттар жинағы емес, ол тарихтың негізі, өткеннің ескерткіші. Тарихи деректер мен құнды құжаттар сақталмаса, қоғамның өткені мен болашағын тану мүмкін емес. Осы орайда мұрағат қызметкерлері ұлттық жадыны сақтауда, тарихи сабақтастықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.