Қызылқоға ауданы-мал шаруашылығы дамыған, ата кәсіптің алтын арқауы үзілмеген өңір. Кең жайылымы мен табиғи әлеуетін тиімді пайдаланып отырған аудан бүгінде мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріп келеді. Соңғы жылдары бұл салада нақты өсім бар. Мемлекеттік қолдау мен шаруалардың еңбегі нәтижесін бере бастады.