Алкогольдік өнімді заңсыз саудалайтын кәсіпкерлер тыйылмай тұр. Соның салдарынан қылмыс жиіліп кеткен. Маңызды мәселені «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген алқалы жиында прокурорлар көтерді. Сондай-ақ, басқосуда қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу жайы да сөз болды.