Атырауда көпқабатты баспаналардың бірінен 38 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Екі аптадан бері мұндағы тұрғындар үй кіреберісінен шығып жатқан жағымсыз иіске шағымданып, ақыры тәртіп сақшыларына хабар берген. Олар құтқарушылармен бірлесіп, пәтерден адамның денесін алып шыққан. Марқұмның әпкесі інісінің ауырып қайтыс болуы мүмкін екенін айтады. Ал көпқабатты тұрғын үйге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.