Атырауда мал дәрігері, зоотехник пен агрономдарға сұраныс жоғары. Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығына 30-дай маман керек. Қазір іс басында жүргендердің орташа жасы 60-тан асқан. Солардың бірі- белгілі мал дәрігері, ҚР ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетіне қарасты Құрманғазы ауданы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Асылбек Ешекеевтің жерлестері мерейлі жасын атап өтті. Майталман маман осы салада 35 жылдан бері еңбек етіп келеді. Сонан болар, айтулы маманды жергілікті билік жұмыстан босатқысы жоқ