Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында шаһарда кең ауқымды мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Ашық аспан аясында өткен игі шараға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының қарасы қалың болды. Мұнда жергілікті тауар өндірушілер қатысып, өз өнімдерін ұсынды.