№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 8 бағытта бойынша қызмет көрсетеді. Мекеме мамандары үй жағдайында қызмет көрсетіп, ерекше балалардың жан жақты дамуына ықпал етіп жүр. Мұнда балалардың күнделікті дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу, сөйлеу қабілетін дамыту және психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.