Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Атырау облысы бойынша экология департаментінің жаңартылған ғимараты ашылды. Күрделі жөндеу жұмыстары өндірілген экологиялық айыппұлдар есебінен атқарылған. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа нысанды аралап, зертханадағы заманауи жабдықтармен танысты.