Атырауда ақ түтек боран мен дүлей дауыл қаланың астаң-кестеңін шығарды. Қатты желден 20-ға жуық нысанның шатыры ұшып, қасбеттері бүлінген. Тіпті оннан аса көлік қирап, тұрғындарды орасан зор шығынға батырды. Ауа райындағы қолайсыздықтан студенттер мен оқушыларды онлайн оқуға жіберу туралы шешім қабылданды. Қазір облыста төтенше жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылып, шығын көлемі есептеліп жатыр.