100-ден аса оқушы құқықтық сауаттылықтарын интеллектуалды ойын арқылы шыңдады.«Заң және тәртіп» тақырыбын қамтыған шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асты. QUIZ сайысында ұл-қыздар логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау және құқықтық нормаларды меңгеру деңгейі бойынша білімдерін сынады.