Атырау қаласында «PR және коммуникация: бизнес пен қоғам көпірі» атты форумда кәсіби орта қалыптастыру дағдылары қамтылды. Шараға түрлі салада кәсіп жүргізіп жүрген 100-ге жуық кәсіпкер, коммуникация мамандары және жас кәсіп бастауға ниетті қатысушылар жиналды. Форумға ерлер де, нәзік жандылар да белсенді қатысып, тәжірибе алмасты.