Облыс делегациясы 13 елмен келіссөз жүргізіп, 20-дан аса ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстық ардагерлер кеңесінің 6-шы пленумында айтты. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланды.