Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы өңірде Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға арналған ерекше кездесу ұйымдастырды. «Біртұтас ел – біртұтас жер» деп аталған салтанатты шараға Атырау қаласы мен аудандарынан ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де сарбаздардың ата-аналары арнайы келіп қатысты.