«Жастар практикасы» - жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік. Биыл бағдарлама аясында 655 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 50-ден астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмыс берушілердің айтуынша, бүгінде өңірде есепші, заңгер, эколог және жұмысшы мамандарға сұраныс артып отыр.