Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2025» дәстүрлі халықаралық жастар форумы салтанатты түрде ашылды. Креативті индустрияны дамытуға арналған еліміздегі жалғыз бірегей жоба осымен төртінші мәрте өтіп жатыр. Бұл шара аймақтың тарихи-мәдени әлеуетін танытумен қатар, жастардың жаңа бастамаларына қолдау көрсетеді,- дейді ұйымдастырушылар.