«Теңізшевройл» компаниясының қызметкерлері Қамыскөл жағалауын қоқыстан тазалады. Экологиялық акция «Таза Қазақстан» бастамасы және «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында ұйымдастырылған. Іс-шараға компания мен мердігер мекемелердің 150 – ге жуық қызметкері қатысты. Сенбілікке «ЖылыойТазалық» ЖШС өкілдері де қала тұрғындары да атсалысты.