Республикалық « Шебер – Fest 2025» атты шеберлер мен қолөнершілердің фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен және Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен Сұлтан Бейбарыс алаңында өтті. Оған барлығы 50 қолөнерші қатысты.