Өңірде есірткіге қарсы бағытталған ерекше профилактикалық акция – наркоскринингтік эксперимент ұйымдастырылды. Іс-шара қала тұрғындары көп жиналатын орындардың бірінде өтті. Бастаманы полиция қызметкерлері мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері көтерді.