Аймақта қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған 400 шақырымдық жылу жүйесінің 64%-і тозған. Бұл көрсеткіш тұрғындарды үздіксіз жылумен қамту ісінде басты мәселе болып отыр. Өңірде 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында арнайы жұмыс жоспары дайындалған.