Жамансор ауылында 80 орындық мектеп пен 30 орындық жатақхананың құрылысы басталды. Мектеп-интернаттың іргетасына капсула салу рәсіміне ҚР Бас прокурорының орынбасары, облыс прокуроры, облыс әкімінің орынбасары мен ауыл ақсақалдары және тұрғындар қатысты. Әлеуметтік нысанның құрылысы заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жүргізген белсенді жұмыстардың нәтижесі.