Аштық жылдары қыр қазағын қырылудан аман алып қалған құмаршық туралы қазір өлкентанушылар мен тарихшылар жиі айтып жүр. Расымен де, құнарлы әрі нәрлі келетін бұл шөп - тек Нарын құмында өседі. Нәубет жылдары жергілікті жұрт құмаршықты ас ретінде пайдаланып, қасиетін таныған. Оның өзге де ерекшеліктері жайлы келесі бейнесюжеттен білейік.