Аймақта «ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!»акциясы өтті. Шараға еріктілер мен «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенді жастары қатысты. Олар халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, вандализмнің салдарын әртүрлі мысалдармен түсіндірді. Сосын, жастар Жеңіс саябағында орналасқан ескерткіштерді күл қоқыстан тазалады.