Индербор кентінде 7-ші сынып оқушысын қатарластары соққыға жыққан. Аяусыз тепкінің астында қалған жеткіншектің миы шайқалып, денесінің сау-тамтығы қалмапты. Қазір жасөспірім аудандық аурухананың стационарлық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер баланың денсаулығына қауіп жоқ, дейді. Ал сыныптасына күш көрсеткен сотқар балалармен ювеналды инспекторлар жұмыс істеп жатыр.