Атыраулық 52 студент Республикалық «World Skills - 2025» байқауына жолдама алды. 26-30 мамыр аралығында өткен өңірлік чемпионаттың қатысушылары салтанатты түрде марапатталды. Жеңімпаздарды ұлықтау салтанатына облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Светлана Аманшиева қатысып, байқауға қатысқан барлық студенттерге, сарапшылар мен тәлімгерлерге алғысын білдірді.