Аймақта жыл соңына дейін жаңа Достық үйі пайдалануға берілмек. Ғимаратта түрлі этностық тақырыпта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылады. Айта кетейік, өңірде 18 этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұдан бөлек, жиында Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың XXXIV сессиясында тапсырған міндеттерінің орындалу жайы да талқыланды.