Бүгін дәстүрлі мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды. Жарыс қатысушылары үстел теннисі, волейбол, шағын футбол және тоғызқұмалақ сияқты спорттың 9 түрінен өзара күш сынасатын болады. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілерді спортқа баулу. Спартакиадаға қала мен аудандардан, облыстық және аумақтық департаменттердің қызметкерлері қатысып, өзара кім мықтыны анықтайды.