Биыл облыс бойынша 220-дан астам мектепте соңғы қоңырау соғылды. Мектеп түлектерінің оқу жылын тәмамдауына байланысты іс-шаралар 23 және 24 мамыр күні ұйымдастырылды. Мұндай жиын Атырау облыстық Дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлтты гимназияда да өтті. оған облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов, ата-аналар мен оқушылар қатысты.