Облыс әкімі Серік Шәпкенов концлагерьде тұтқында болған Екатерина Абсатырованы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері, концлагерьдің бұрынғы тұтқыны Екатерина Абсатырованың шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті. Екатерина Абсатырованың өмірі мен еңбек жолы – ерлік пен табандылықтың, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі. Соғыс жылдарындағы тұтқын ауыр сынақтарға қарамастан, болашаққа деген сенімін жоғалтпай, Жеңістің жақындатуға өз үлесін қосты, ол 1931 жылы 19 қаңтарда Мордовияда дүниеге келген. Оның отбасын 1941 жылы тұтқынға алып, біраз уақыт фин концлагерінде ұстаған. 1944 жылы азат етілген соң колхозда еңбек етті. 1968 жылы отбасымен бірге бұрынғы Гурьевке қоныс аударып, зейнетке шыққанға дейін Локомотив депосында жұмыс істеді. Айта кетейік, Атырау облысында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медалімен 754 ардагер марапатталды.