Атыраудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары 4 күн бойы кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Олар мидың нейропсихологиялық және нейрофизиологиялық қозғалыс жұмысы бойынша білім алады. Одан бөлек Қазақстан Республикасындағы ата-аналардың құқықтары мен психологиялық көмек бойынша дағдыларын дамытады. Дәрісті Алматыдан арнайы келген мамандар жүргізеді. Бұл тақырыпқа бет бұру бекер емес,-дейді жиналғандар. Өйткені, соңғы 3 жылда ерекше баладан бөлек, дүниеге сау келген балалар арасында тілдің кеш шығуы,ойды жеткізе алмау, зейін тұрақсыздығы секілді диагноздар көбейген. Ал, оның бір себебі, ерте жастан телефонды жиі қарау, әңгімелесудың аздығы,-дейді мамандар. Сонымен қоса, елімізде әлеуметтік сала мамандары білім саласында еңбек етуші педагогтар секілді статусқа ие бола алмайды. Категория өсіру, соған сай еңбекақыны көтеру деген тақырыптар заңда қарастырылмаған. Сондықтан, мұндай сабақтардың маңызы зор, -дейді бұл салада етуші ұжым.