Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған еді. Қара алтынды өндіруде аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау – әр мұнай компаниясының міндеті. Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын «ЭмбіМұнайГаз» АҚ басты серіктес қызмет көрсету компаниясы «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС – нің жұмысшыларына арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жұмысшылардың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бой көтерген 80 орындық нысан заманауи талаптарға сай салынған.