«Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында «Отанды қорғау – қасиетті борыш» құндылығын дәріптеуге және жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бір күндік әдістемелік семинар өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қолбасшылығы мен 250-ге жуық алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі қатысты.