Жасөспірімдер арасында волейболдан республикалық турнир өткізілді. Оған 100-ден аса спортшы қатысты. Түркістан,Қызылорда, Жаңаөзен, Орал, Ақтөбе облыстарынан 12 команда жиналды. Кіл мықты басын қосқан сайыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Өтеғалиевті еске алуға арналды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шара биыл да ауқымды ұйымдастырылған. Жүлде қоры қомақты. Енді бағы мен бабы шапқан команда қаржылай сыйақыға қол жеткізбек.