Аймақ басшысы Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесіп, президент атынан жолданған алғыс хатты табыс етті. Бүлдіршіннің Атырау ықшам ауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тараған болатын. Әріптесім Лаура Кисметова кішкентай балақайды марапатымен құттықтап, жүздесіп қайтты.