Аймақта жастарды жұмыспен тұрғын үймен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп келеді. Мәселен, былтыр он мыңнан аса азамат мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қоса, кәсіпке бет бұрған жастарды қолдау мақсатында да ілкімді істер қолға алынған. Аманат партиясында өткен жиында 3 мәселе қаралды. Жиыннан Асылан Мәлік тарқатады.