"Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатқан құрылысы баяу жүріп жатыр. Өңірге іс сапармен келген депутаттар осындай баға берді. Жалпы 2023 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектептің құрылысы басталған болатын. Бүгінде тек үшеуі қолданысқа берілді. Кестеден кешіккен құрылысты ширату керек деді, депутат Дүйсенбай Тұрғанов.