Биыл айлық есептік көрсеткіш мөлшері 240 теңгеге өсті. Яғни, 3692 теңгеден 3932 теңгеге көтерілді.Биыл жол ережесін бұзғанда салынатын айыппұл сомасы 6%-тен аса өсті. Мәселен, биыл белгіленген межеден 20 шақырым сағатқа асырғандарға 19 660 теңге айыппұл қарастырылған. Сол сияқты 40 шақырым сағатқа дейін жылдамдық асырғандар 39 320 теңге төлейді.