Биыл 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Атаулы мерекеге орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылдығы» атты 28 тараудан тұратын ірі жоспар құрылған. Атырау облысы ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен этномәдени бірлестіктердің мұрындық болуымен республикалық және облыстық деңгейде 100 ден аса іс-шара өткізіледі.