Атыраулық саяхатшылар Моңғолияға кетті. Ел аралап, тарихи нысандарды көрсетіп жүрген жандар енді кезекте моңғол халқының тыныс-тіршілігімен танысады. Олар Моңғолияға ең арзан, әрі ең қиын жолмен бара жатыр.