«Сарыөзек» каналынан 6 миллионнан астам шабақ құтқарылды. 25 желтоқсан күні жергілікті табиғат жанашылары дабыл қағып, ұсақ балықтардың қырылып қалуы мүмкін екенін айтқан еді. «Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен әскери бөлім сарбаздары және табиғатты пайдаланушы мекемелердің өкілдері құтқару шарасына шықты. 100 ден астам адам және 20 техника тартылып, 6 млн 300 мыңнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберлді. Қазір жағдай қалыпты. Ұзындығы 60 шақырымға жуық «Сарыөзек» каналаның бойы толық тазартылды. Сондай-ақ Атырау облысындағы 20 су каналы бақылауға алынды.