Аймақта білім беру ұйымдарының арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Облыстық студенттер слеті» өтті. Жиынға өңірдегі 16 оқу орнының өкілдері қатысып, қолға алған жобаларын талқылады. Белсенді жастар жоспарларымен де бөлісіп, пікір алмасуға мүмкіндік алды.