Соңғы уақыттарда ас беру кезіндегі ысырапшылдық - қоғамда кең талқыға түскен тақырыптың бірі болды. Елімізде әлі күнге дейін қайтыс болған адамға құран бағыштау үшін шығынға батып, ысырапқа жол беретіндер азаймай тұр. Индер ауданында бас қосқан имамдар мен ақсақалдар осы мәселені кеңінен қаузап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.