Сыбайлас жемқорлық - қай елдің болмасын дамуын тежеп, аяғына тұсау салатын қауіпті кесел. Осының байыбына барып, жан-жақты талқылау үшін екі күндік жиында арнайы органдар мен аймақ студенттері бас қосты. Бұл шара - Атырау қаласы әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің бірлескен бірегей жобасы.