Бақилық болған марқұмға арнайы ас беріп, дастархан жаюға ниет еткен әрбір жан астамшылық жасамай, діни басқарманың бекіткен ас мәзірін негізге алу қажет. Бұл туралы Махамбет ауданында өткен «Ас мәзірі мәдениеті» тақырыбындағы келелі кеңесте айтылды. Жиында бас қосқандар елімізде әлі күнге дейін қайтыс болған адамға құран бағыштау үшін шығынға батып, ысырапқа жол беретіндер азаймай тұрғанын жеткізді.