Белсенді ұзақ өмір сүру және зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы алғашқы мерейтойын атап өтті. Қариялар ән айтып, күй тартып, сақ патшайымы Томиристің өмірінен үзінді спектакль қойды. Зейнеткерлердің қоғаммен белсенді араласуына атсалысып жүрген ұйым қатарында 682 ардгер тіркелген.