Интернет-алаяқтық азаймай тұр. Өңір полициясы күн сайын орта есеппен 15-ке жуық жәбірленушіден арыз қабылдайды. Ішкі істер қызметкерлері тұрғындарды қара ниеттілердің қармағына ілінгенін сезген бойда дереу 109 колл нөміріне немесе 102-ге хабарласу керегін айтады. Себебі, мәселені сол уақытта шешпесе - жағдай қиындай береді. Өңірде мұндай мәселемен арнайы кибер қылмысқа қарсы күрес тобы айналысады.