Атырау өнерінің қара шаңырағында үлкен мерейтой. Мәдениет қайраткері Әдемі Ділханқызы 85 жасқа келді. Осыған орай, М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» бенефис-спектаклі сахналанды. Шым шытырық махаббат майданы көрініс тапқан қойылымға тілшіміз де барып қайтты.