Биыл Атырау өңірінде электр энергиясын сату және сатып алу көлемі 2 млнға жуық кВт/сағ. құрады. Бұл туралы «Атырау энергосату» ЖШС басшысы Тұрлан Дошатов тариф бағасын өсіру бойынша өткен жиында айтты. Сонымен қатар, жария тыңдауда электр қуаты құнын көтерудің негізгі себептері талқыланды.