Атырауда облыстық білім беру басқармасының қолдауымен «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті сайысы өтіп жатыр. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған игі шараның мақсаты – 10-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысын арттыру, әлеуметтік белсенділігін дамыту.