Келісіп пішкен тон, келте болмас. Атом Электр Станциясын салу - қоғаммен кеңесіп, келісіп шешілетін келелі мәселе. Бүгінде облыста құрылған халықтық штаб түрлі мекеме өкілдерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Мысалы, «Атырау Жарық» АҚ-ның 100-ге жуық қызметкерімен өткен жиында энергетика дағдарысынан құтылу жайы сөз болды.