Биыл қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл. Ол заманның ауыр кезеңдерінде 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған. Ел жанашыры Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елде жүріп жатқан сауатсыздықты жоюды қолға алды. Нұртас Оңдасынов Гурьев облысында басшылық қызмет атқарған жылдары мұнайлы өлкенің дамуына зор үлес қосқан. Халқына қалтқысыз қызмет еткен біртуар тұлға жайлы бейнесюжетті көріңіз.